АБАТТАНДЫРУҒА АУЫЛ БОЛЫП ЖҰМЫЛҒАН

0

Сарыбұлақ ауылдық округінде көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, жас көшеттерді отырғызу қарқын алған. Қарағай, шырша, туя, жеміс ағаштары отырғызылып, бүгінде тамыр тартып, көктей түскен. Оған қоса ауылдық саябақта 200 емен көшеттері отырғызылды.

Суару жұмыстарын жергілікті шаруа қожалықтары қолға алған.

Ауыл тұрғындары түгел абаттандыруға атсалысып, көшелерді ретке келтіріп, арықтарды қыстай жиналып қалған қоқыстан тазалады.

Ауылдық округте қоршаған айналаны қорғау бойынша акцияларды өткізу дәстүрге айналған. Ауыл тұрғындары отырғызылған ағаштарға күтім көрсетіп, келесі жылы еңбектерінің жемісін көрмек.

Туған жерді және табиғатты құрметтеу – біздің азаматтық борышымыз, туып-өскен ауылымызды көгалдандыру өмір салтымыз бен күнделікті жұмысымыз болу керек, — дейді сарыбұлақтықтар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.