САМАЛДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН КӨШЕЛЕР

0

Бетқайнар ауылындағы Төле би және Юбилейная көшелерінде жарық диодты шамдар орнатылды. Заманауи энергия үнемдеуіш  лампалар тиісті сапа стандарттарына сай келеді.

Жарықтандыру жұмыс-тарына өз үлесін қосқан мамандарға рахмет, — деп ризашылықтарын білдіруде ауыл тұрғындары.

Көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасын табады, — дейді Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Талғат Үрүстемов.

Қазіргі таңда Бетқайнар ауылында ауыл тұрғындарының қолайлы өмір сүруі үшін көптеген әлеуметтік маңызды мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.