«АЙБЫН-2023»

0

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу әрқашанда ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады, өйткені балалық және жасөспірімдік шақ Отанға деген сүйіспеншіліктің қасиетті сезімін ояту үшін ең маңызды кезең — патриоттық тәрбие деп оқушыларда өз Отанына деген сүйіспеншілікті біртіндеп және тұрақты түрде қалыптастыруды айтамыз. Қайнар ауылының №32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі Д.Сатылғанов  және осы мектептің жоғары сынып оқушылары «Айбын – 2023»  аудандық әскери–патриоттық байқауында 1 жүлделі орынды иеленіп, облысқа жолдама алды. Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының  облыстық кезеңі 9 қараша күні Тараз қаласында  өтті.  Іс-шараға Жамбыл облысының барлық өңірлерінен жастар жиналды. Байқауға 14-17 жас аралығындағы балалар қатысты. Облыстық байқауда да біздің оқушылар барлық әскери–спорттық кезеңде жүлделі орын алып, жалпы командалық  1 орынды иеленіп,  Қарағанды қаласында өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды. Негізінде осы байқаулардың барлығына оқушылар өз күштерімен жетті.

Байқау бағдарламасында «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны және «Күшіміз – бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойыны, және «Smart Sarbaz» робототехника сайысы бар. Әскери-спорттық, әскери-қолданбалы спорт түрлері және әскерилендірілген эстафета бойынша жарыстар өткізілді. Атап айтар болсақ, турникте тартылу, АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру, 100 метрге жүгіру, құрама қаруды кию және т.б.

Жігіттер Қарағанды қаласында өтетін республикалық жарыста өз аймағының намысын қорғауға аттанатындықтан, енді команда қарқынды дайындықтан өтуі керек. Бұл байқау 2024 жылдың сәуір айында басталады. Оқушыларымыз жарыста жақсы өнер көрсетеді деп сенеміз. Жеңімпаздар мен қатысушыларды «Айбын-2023» ойынының сәтті өтуімен құттықтап, сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.