АМАНДЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ

0

Ауқатты ауылында нәзік жандыларына құрмет көрсетілді.

Мерекелік жиында аналар мен қыз-келіншектерге жылы лебіздер айтылып, олардың қоғамдағы және отбасыдағы ерекше рөлі атап өтілді.

Шара барысында Ауқатты ауылдық округінің әкімі А.Иенберген сөз сөйлеп, барлық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде аналардың мейірімі мен әйелдердің еңбегі қоғамның дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтіп, барша нәзік жандыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

Мерекелік кеш барысында ән айтылып, жылы лебіздер білдіріліп, ауылдың белсенді аналары мен еңбекқор қыз-келіншектеріне алғыс айтылды.

Шара көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, мерекелік дастарханмен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.