ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЫҢҒАЙЛЫ ЕТУ

0

Атқарушылық іс жүргізу саласы заман талабына сай жаңғыртылып жатыр. Олар халыққа қызмет көрсету саласын ыңғайлы ету мақсатын көздейді. Сондай жаңашылдықтың бірі заманауи цифрлық құрал – Adilet қосымшасы. Бұл қосымша арқылы азаматтар сот орындаушылардың кеңсесіне бармай-ақ атқарушылық іс жүргізулер бойынша ақпаратты онлайн режимде алады. Яғни үйде немесе жұмыс орнында отырып-ақ өзіне қажетті мәліметтерге қол жеткізеді. Осыдан-ақ Adilet қосымшасының азаматтар мен сот орындаушылар арасындағы өзара байланысты барынша қарапайым, ашық әрі қолжетімді етуге бағытталғанын көруге болады. Енді аталған қосымшаның басты ерекшеліктеріне тоқталып өтсек, оның көмегімен азаматтар:

– ЖСН бойынша берешектің бар-жоғын тексере алады;

– атқарушылық іс жүргізудің мәртебесін біле алады;

– шектеулер туралы, оның ішінде шетелге шығуға тыйым салу жөнінде ақпарат ала алады;

– сот орындаушысының байланыс мәліметтерімен таныса алады;

– берешекті жедел түрде төлеу мүмкіндігіне ие.

Қосымшада ыңғайлылыққа ерекше көңіл бөлінген;

– интерфейсі түсінікті, ал негізгі функциялардың барлығы бірнеше батырманы басу арқылы қолжетімді.

Жеке сот орындаушы Айнұр Асқардың айтуынша, ең бастысы, AdiletGov қосымшасын пайдалану арқылы жағымсыз жағдайлардың алдын алуға болады. Мысалы, ел аумағынан тыс сапарлап шығар алдында берешектің болуы шектеулерге әкелуі мүмкін. Сондай жағдай болмас үшін әрбір азамат өзінің қарызы бар-жоқтығын алдын ала тексере алады. Яғни болуы мүмкін келеңсіздікке жол бермейді.

AdiletGov қосымшасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймайды, сонымен бірге қажетті ақпараттарға қолжетімділікті жеңілдетеді. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсартады. Яғни AdiletGov қосымшасын халыққа жайлылық, ыңғайлылық тудыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалауға болады.

AdiletGov қосымшасы азаматтардың уақытын үнемдейтін, жүйе жұмысының ашықтығын арттыратын және сот шешімдерінің тиімді орындалуына ықпал ететін заманауи шешім. Осы тұста борышкердің шоттары, оның ішінде жалақы шоты бұғатталған жағдайда не істеу керектігі жайлы да тоқталып өткен жөн. Себебі, азаматтар үшін бұл өте қажетті сұрақ. Заңға сәйкес, атқарушылық іс жүргізу аясында сот орындаушысы борышкердің банк шоттарына тыйым салуға құқылы. Яғни сот орындаушысы заңмен белгіленген мәжбүрлеп орындату шараларының бәрін қолдана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.