Артиллерия: Қарулы Күштердің атыс қуаты

0

Гвардейск гарнизонында 82796 әскери бөлімінің құрылған күніне 79 жыл толу құрметіне орай салтанатты шара өтті.

 

Салтанатты шарада бөлім аумағында орналасқан әскери бөлімнің құрылған күніне орай жасалған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Айтулы мерекеде карантиндік талаптар ескеріліп, жеке құрам арақашықтық сақтады. Сонымен қатар әскери бөлім командирі гвардия полковнигі Тілек Серікпаевтің жаңа лауазымға тағайындалуына байланысты саптық алаңда әскери бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өтті. Сондай-ақ, қызмет барысында жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер марапатталды.

Шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов мырза қатысып, құттықтау сөздер айтты.

Айта кетейік, 1941 жылы 828 артиллериялық полк Алтай өңіріндегі Барнауыл қаласында Сібір әскери округінің бұйрығы негізінде құрылған болатын. Құрылған күннен бастап полк командирі болып полковник Михайл Петрович Михайличенко тағайындалып, артиллерия корпусының Қолбасшысы генерал-майор болып соғысты аяқтаған. Артиллериялық полкі соғыс жылдарында қарсыластың танктері мен жаяу әскерінің шабуылына тойтарыс беріп, жаудың барар бағытына мүмкіндік бермеген.

Міне содан бері 79 жылдық тарихы бар 82796 әскери бөлімі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өзінің жауынгерлік дәстүрін елімізді қорғау жолында жалғастырып келеді. Гвардияшылар дәстүрін жалғастырған, Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында ең үздік бөлімдердің бірі және Қазақстан Республикасының Зымыран және артиллерия әскерлерінің ішінде жалғыз Гвардиялық әскери бөлім болып табылады.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Т тоажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.