АСҚАТ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

0

Жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Асқат Жантұрсынов UBO нұсқасы бойынша Азия чемпионы атанды. Ауқатты ауылының тумасы, кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп үлгерген Асқат Жантұрсынов (6-1, 5 КО) 1 мамыр күні Түркияның Стамбул қаласында ауыр салмақта UBO нұсқасы бойынша Азия чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығып, аталмыш елдің азаматы Сердар Ширинді (2-1-1, 1 КО) айқын басымдықпен ұтып, чемпион белбеуін тағынды.
2021 жылдан бері жекпе-жек өткізбеген Асхат үшін бұл тамаша көрсеткіш болып отыр. Бұл әлемдік деңгейге жасалған алғашқы қадам деп білеміз.
Жеңіс құтты болсын жерлестер!

Leave A Reply

Your email address will not be published.