МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ — ӨМІР ТАЛАБЫ

0

Өткен аптада медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру және тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мәселелері бойынша «Әлеуметтк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы өкілдері ауданымызда жұмыс сапарымен болды. Қор өкілдері алдымен Отар және Кенен ауылдық округі тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Онда тұрғындарға қордың атқарып жатқан жұмысы туралы толық ақпарат беріліп, МӘМС жүйесінде мәртебе алудың жаңа тетігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жергілікті әкімдік тарапынан азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға, оның ішінде МӘМС-ке қатысты ақпаратымен бөліссе, медициналық ұйымдардың өкілдері халыққа медициналық көмек пен кері байланысты ұйымдастыру туралы айтып өтті. Жиналысқа аудан белсенділері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, БЖТ төлеушілері, халықтың әлеуметтік осал топ өкілдері, кәсіпкерлер және т.б. қатысты. Кездесулер халықпен диалог түрінде ашық форматта өткізілді, онда азаматтардың уақтылы медициналық көмек алуға қатысты толғандыратын сұрақтары қойылып, жауаптары берілді. Осындай жиын Қордай ауданы әкімдігінде де өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, сақтандыру қорының өкілі Даурен Бурханов қатысты. Жиын барысында Дамира Маратқызы аудан бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша әлі де болса тіркелмеген қордайлық азаматтардың көп екенін айтып, тіркеуді жеделдету, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу бойынша бірқатар мамандарға ескерту жасады.
Осындай кездесулер Масаншы және Сортөбе ауылдық округтерінде де жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.