АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ АЙТЫЛДЫ

0

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХХIV конференциясы өтті.

Шараға партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия аудандық филиалының төрағалары, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Жиында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебін беріп, биылғы жылдың межелі міндеттерін жеткізді.

Сонымен қатар, конференцияда «АMANAT» партиясының өңірлік Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, 2023 жылы Қордай ауданында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың баяндамасы тыңдалды. Саяси кеңес мүшелері аудандағы бірқатар мәселелерге назар аударып, тиімді ұсыныстарын білдірді.

Сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде, Қордай ауданы бойынша 80 көрсеткіштің 64-і 2023 жылға қатысты болып анықталды. 2023 жылдың нәтижесі бойынша 64 көрсеткіштің 60-ы немесе 94%-ы орындалған.

Аудан әкімі партияның сайлауалды бағдарламасының әр бағыты бойынша  атқарылған жұмыстарды жекелей баяндап, қабылданған шараларды атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.