БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

0

Дүйсенбі күні аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның және аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа және қатыгез қарым-қатынастың фактілері туралы, жәбірлеуге (буллинг, кибербуллингке) ұшыраған немесе оған куә болған, кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен семинарға кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері, мектеп директорлары, орынбасарлары, психологтары, әлеуметтік педагогтар және колледж директорлары мен орынбасарлары қатысты.

Алғашқы сөзді алған аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков семинар-кеңес тақырыбының өзектілігіне тоқталып, жиынның нәтижелі өтуіне тілектестігін білдірді. Осыдан кейін Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дархан Мінісқұлов «Баланы жәбірлеудің профилактикасы» тақырыбында баяндама жасады. Келесі кезекте Қордай аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны, әйелдерді зорлық-зомбылықтың қорғау тобының аға-инспекторы Ынтымақ Қаден бала буллингтің құрбаны болғанын қайдан білуге болады, мұндай жағдайда не істеу қажет? Егер сіздің балаңыз агрессор болса қандай әрекет жасау керек, сынды сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, семинар-кеңес барысында Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айман Әшімова тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты нақты статистикалық мәліметтерді  келтіре отырып, қоғам дертіне айналып бара жатқан бұл проблемамен жұмыла күресуге шақырды.

Ал Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының клиникалық психологы, психотерапевт Әйгерім Усербаева көпшілікпен тренинг ойындар өткізіп, сауалдар жолдап, кері байланыс орнатты.

Сәуле Мұхадинқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.