Атыс даярлығы қарқынды жүруде

0

Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне қарасты әскери бөлімдерде жауынгерлік оқу-жаттығу өтті.

 Әскери бөлімдердің жеке құрамы «Мәтібұлақ» полигонында шатырлы қалашыққа орналастырылды. Ол жерде далалық асханалар қойылып, жеке электр жарық көздерімен қамтамасыз етілген, сондай-ақ барлық санитарлық нормалардың сақталуы қарастырылған.

Практикалық сабақтар жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, күндіз және түнде жүргізілуде. Атыс даярлығы әскери қызметшілердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын арттырып, әртүрлі жағдайларда штаттық қару-жарақпен атыс жүргізеді. Яғни, теорияда алған білімдерін іс жүзінде көрсетеді. Жеке құрам ату кезінде жеке жауынгерлік міндеттерін пысықтай отырып, нысанаға дәл көздеп атуды үйренеді.

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, атыс даярлығы сабақтарын жүргізудеміз. Қазіргі таңда әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы жоғары деңгейде. Атыс даярлығы барысында әр әскери қызметшінің іс-әрекеті қадағаланып отырады. Сабақ соңында міндетті түрде қорытынды жүргізіліп, үздіктер марапатталады, — деді танк батальонының командирі майор Жақсылық Мырзалиев.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.