Сәрсенбі күні Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдауға жазылған 10 азаматпен жеке — дара сөйлескен Бегзат Сейсенқұлұлы өтініш иелерін мұқият тыңдап, олар көтерген проблемалардың шешімін заң аясында табуға ықпал жасады.
Негізінен қабылдауға келген жандар тұрғын үй, жер телімін алу, жұмысқа орналасу, ауылдың инфрақұрылымын нығайтуға қатысты және өзге де тұрмыстық жағдайлар бойынша сұрақтарды көтерді.
Аудан басшысымен жүздесуге алдын ала жазылған азаматтар кездесу барысында өздерінің көкейде жүрген мәселелерін айтып, олар негізінен шешімін тапса, қалғандары әкімнің бақылауына алынып, тиісті мамандарға тапсырмалар берілді.
АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Next Post