МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

0

Халқымыз қашанда өнерді бағалап, өнерпазын үкілеген дана халық. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ елінің мәдениеті мен өнері айтарлықтай өрістеді, Мемлекет басшысы да жыл сайын осы салаға айрықша назар аударып, ел мәдениетін дамытуды күн тәртібінен түсірген емес. Өйткені, әр елдің мәдениетіне қарап халқының бет-бейнесін, рухани болмысын, тұрмыс-тіршілігін көруге болады.
Кез келген кештің көркін кіргізіп, әнмен әрлейтін, бимен сәндейтін мәдениет және өнер қызметкерлері сейсенбі күні төл мерекелерін атап өтті. Сала қызметкерлеріне арналған салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Балпукова қатысып, мереке иелерін айтулы күнмен құттықтады. Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың ыстық ықыласын жеткізген Дамира Маратқызы ауданның өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген мәдениет және өнер саласының үздіктерін марапаттады. Тарқатып айтсақ, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының Алғыс хатымен Қордай ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері И.Изаева, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен Әлжан ана ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Танекеева, Қордай ауданы әкімінің құттықтауымен зейнеткер, Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Б.Нартпаева, Цемзауыт ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Липова, Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен Шарбақты ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Джаманкузова марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлеріне Қордай ауданы әкімінің Алғыс хаты, «Аmanat» партиясының алғыс хаты табысталды.
Осыдан кейін Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Балпукова Республикалық кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапты толықтыру және өңдеу редакторы Г.Смағұлованы, Жамбыл облысының кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен Балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы А.Махамбетованы, Жамбыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Касымбекованы, Жамбыл облысының кәсіподақ аймақтық Құрмет грамотасымен Масанчи ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Сарымсакованы марапаттады. Келесі кезекте Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айгерім Қылышбекова сахна мінберіне көтеріліп, бірқатар ауылдық кітапхана қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.
Айта кетейік, аудандық мәдениет саласы майталмандарының жеткен жетістіктері аз емес. Мәселен, жуырда облыс орталығында өткен «Ән-жырым саған, туған ел!» атты III халықаралық ән конкурсына Қордай аудандық Мәдениет үйінен Красный партизан ауылдық клубының меңгерушісі Қ.Байбулат және аудандық Мәдениет үйінің әншісі М.Шекербеков қатысып, «Алғыс хат» және ақшалай сыйлықпен марапатталып, көрермен көзайымына айналды. Ал Меркі ауданында өткен «Думанды Меркі – өнердің көркі» атты республикалық вокалды-аспапты ансамбльдердің аймақтық байқауына Қордай ауданы атынан құрылғанына көп уақыт болмаған «Бастау» вокалды аспаптар ансамблі (жетекшісі Еркін Сәрсенбаев) қатысып, Меркі ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен (200 000тг), диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталып, осы топтағы Ғ.Булаев «Үздік гитарашы» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, 20 мамыр күні Жуалы ауданы, Талапты ауылы, Ш.Мұртаза атындағы әдеби-мемориалдық музей аумағында облыс әкімінің қатысуымен өткен шара аясында спорттық ойындар ұйымдастырылып, 25 кг қант көтеру бойынша аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары А.Нұрқияс 1-орын, «қатын күрес» бойынша Красный партизан ауылдық клубының тех.қызметкері А.Амантаева 2-орынды, қол күрестен (әйелдер арасында) 1-орынды иеленді, аударыспақ бойынша мәдениет үйінің қызметкері А.Нұрғалиев 2-орынды иеленіп, мәдениет қызметкерлері тек қана өнер биігінде ғана емес, спорттық іс-шарада да мықты екендерін дәлелдеді. Салтанатты жиын барысында мереке иелерінің осы жеңістері де тілге тиек етілді.
Шара аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.