Құрметті қордайлықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке -Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Халықтың бостандығы мен ұлылығын айшықтайтын мерекенің маңызы зор және бұл мереке біз үшін ерекше қымбат. Тәуелсіздікке қол жеткізген, әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуда биік белестерді бағындырды.
Қазіргі қазақстандықтарға тарихпен жаңа ел құру ұлы миссиясы жүктелген. Мемлекет басшысы ортақ болашағымыз – аса дамыған және халық үніне құлақ асатын мемлекет құруды қалыптастырудың анық және нақты механизмін белгілеп берді. Бізде іс-әрекет стратегиясы, ынтымақ пен тек алға жылжу ниеті бар.
Біздің қағидатымыз – бірлігі жарасқан, тірлігі тынымды ел. Бірлік дегеніміз Тәуелсіздіктің және халықтың амандығының негізі, табысты болудың басты шарты мен кепілі.
Құрметті жерлестер!
Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, амандық, ынтымақ пен өзара келісім тілеймін! Отанымыз -Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ НҰРДИН САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Next Post