АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

0

Қордай аудандық ардагерлер кеңесі 2023 жылдың 6 сәуірінде спорттың 9 түрінен зейнеткерлер арасында аудандық спартакиада өтетінін хабарлайды. Ардагерлер волейбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу, бильярд, дартстан сынға түспек.
Аталмыш шара Қордай ауылындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады. Барлығын қатысуға шақырамыз. Жарыс ережесі ауылдық округ әкімдеріне жіберіледі.

Қордай аудандық ардагерлер кеңесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.