Ауыл медицинасы даму жолында

0

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін дамытуда жүйелі шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында медицина саласына ерекше көңіл бөліп, бірқатар міндет жүктеді.

Осы тұрғыда, Қордай ауданының Әлжан ана ауылдық дәрігерлік амбулаториясы – ауыл медицинасының ең маңызды буыны ретінде өз қызметін абыройлы атқарып келеді.

Медициналық мекеме тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді әрі сапалы нұсқасын ұсынуда үлкен рөл атқарады. Амбулаторияда жұмыс істейтін дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері күнделікті күтімнің, аурулардың алдын алудың және қажетті медициналық қолдаудың үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуде талмай еңбек етуде. Олар әр ауыл тұрғынының денсаулығына мұқият қарап, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді медициналық қызметтер ұсынады.

Мекеменің басты міндеттерінің бірі – тұрғындарды жүйелі түрде қабылдау және тексеру арқылы денсаулық жағдайларын бақылау. Бұл шаралар ауруларды ерте сатысында анықтап, оларды дер кезінде емдеп, асқынуларына жол бермеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, амбулатория созылмалы аурулары бар науқастарға тұрақты медициналық бақылау жүргізеді. Бұл олардың өмір сапасын жақсартуға және қажетті емдік шараларды уақытылы ұйымдастыруға септігін тигізеді. Иммунизация мен вакцинация жұмыстары да қарастырылған. Әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық бақылау аса жауапкершілікпен жүргізіледі. Арнайы күтім мен профилактикалық шаралар ана мен баланың денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқарады. Амбулаторияның әрбір қызметкері осы бағытта кешенді тәсілмен жүмыс істеп, отбасының сау болуына лайықты қолдау көрсетеді.

Шұғыл медициналық көмек көрсету де Әлжан ана ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жұмысының маңызды бөлігі. Төтенше жағдайларда дәрігерлер мен медбикелер жылдам әрекет етіп, науқастарға алғашқы көмек көрсету арқылы ауыр асқынулардың алдын алады.

Ауыл медицинасының жалпы бағыты – медициналық көмекті ауыл тұрғындарына мүмкіндігінше жақындату, олардың денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге деген қолжетімділігі мен сапасын жоғарылату. Аталмыш дәрігерлік мекеме осы талаптарды орындап, ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау жолындағы сенімді серігіне айналған. Мұнда көрсетілген әрбір медициналық қызмет – тұрғындардың өмір сапасын, ұзақ және сау өмір сүру мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Әлжан ана ауылдық дәрігерлік амбулаториясы – ауылдық жерлерде медициналық қызметтің сапасын арттыру мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды нысан және ауыл медицинасының дамуына үлес қосатын бірден бір мекеме.

Бетті дайындаған Ә.Құттыбай

Leave A Reply

Your email address will not be published.