АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ

0

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сырғалау) — ветеринария саласындағы атқарылатын міндетті және жауапты жұмыстардың бір бөлігі. Бұл жұмыстар — мал төлдегеннен бастап атқарылатын науқанды шаралардың бірі.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңы мен ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидасына сәйкес еліміз аумағындағы төрт түлік мал түгел бірдейлендірілуге тиіс. Мүйізді ірі қара, қой-ешкі, түйе, шошқа малдарын сырғалау арқылы бірдейлендіру (сырғалау) бюджет қаражаты есебінен, ал жылқы мен өзге де малды чиптеу, таңбалау арқылы бірдейлендіру (сырғалау) заңда белгіленген тәртіппен мал иелерінің есебінен іске асырылады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – оны ветеринариялық дауалау (қан алу) туралы деректерді, жануардың жеке нөмірі бойынша, оны вакцинациялау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бөлігі.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі туылғаннан кейін, он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі: бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу) жүргізіледі .

Ғ.САБРАЛЫ, Қордай ауданының ветеринариялық станциясы
ШЖҚ КМК директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.