«АВТОБУС» — жедел профилактикасы

0

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің және жол жүрісінің қауіпсіздігін арттыру жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған жол картасының 26-тармағын орындау шеңберінде, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету, алдын алу мақсатында Қордай ауданы аумағында 2022 жылдың желтоқсан айының 5-11 күндері аралығында «АВТОБУС» Республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Жедел профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаттары:
-көлік құралдарын мас күйде басқару, көлік құралдарын басқару кезінде телефон не болмаса радиостанцияны пайдалану, алдыңғы бүйір жақтағы терезелерге жабындар, оның ішінде түрлі-түсті қабыршақтар жапсырылған көлік құралдарын пайдалануын анықтау,
-жылдамдық режимін, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамауды анықтау;
-автобустар мен такси жүргізушілерінің «Жол жүрісі қауіпсіздігі», «Автомобиль көлігі» туралы Заңдардың, Жол қозғалысы ережесін және Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің талаптарын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша көліктік бақылау органдарымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар (бағыттарда, соңғы аялдамаларда, рұқсат етілмеген тұрақтарда) өткізу көзделген. Жүргізушілерді алдын ала және мерзімді, оның ішінде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексерістен өткізуге, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын бұзуды анықтау:
-жүзеге асырылатын тасымалдау түріне сәйкес келмейтін автобустарды (қалааралық бағытқа арналған, қалалық бағыттарда жүргізілетін автобустарды және т.б.) бағыттарда пайдалану тәртібін бұзуды анықтау;
-заңсыз қайта жабдықталған, сондай-ақ техникалық жай-күйі, конструкциясы мен құрал-жабдықтары белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін автобустар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін алып, оларды пайдалануға тыйым салу;
-заңсыз қайта жабдықталған, сондай-ақ техникалық жай-күйі, конструкциясы мен құрал-жабдықтары белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін автобустардың Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салу.
Д.РЫСДАУЛЕТОВ, Қордай ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі

Leave A Reply

Your email address will not be published.