АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

0

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде  «Азаматтарды  қабылдау орталықтарының кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы  20 маусымдағы №490 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына сәйкес 2023 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Қордай ауданы әкімі аппаратының жанында Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды.

Орталық Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, №106 мекенжайда орналасқан, байланыс телефон нөмірі 8(72636) 4-50-11, 4-30-13.

Орталықтың негізгі мақсаты коммуналдық мемлекеттік мекемелермен  консультациялар беру, жеке қабылдаулар жүргізу және өтініштерді қабылдау, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.

Өтініш берушілерге орталықта орналасқан субъектілердің жұмыскерлері демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі – жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен қызметтерін жүзеге асырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.