СОРТӨБЕЛІКТЕРДІҢ ҮЛГІЛІ ІСІ

0

Сортөбе ауылының тұрғындары өрт сөндіру көліктері тұратын ғимарат пен ауылдағы күл-қоқыстарды шығару үшін арнайы техника сатып алды.

Ауыл белсенділері өз қаражаттарына аз ғана уақыттың ішінде өрт сөндіру көліктері мен арнайы құрал-жабдықтар қоятын ғимарат салып, күні кеше қолданысқа берді.

Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын көлік сатып алған Сортөбе ауылдық округінің белсенділері көпке үлгі болды.

Ауылдық округ әкімі апараты тарапынан жұмыс кестесі жасалып, қоқыс шығару ағымдағы жылдың 29 қаңтарынан басталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.