Бүгін елордада Жапониядағы XX жазғы Азия ойындарынан оралған Қазақстан ұлттық құрамасының академиялық ескек есу спортшыларын салтанатты қарсы алу іс-шарасы өтті. Қазақстандық ескекшілер Владислав Яковлев пен Иван Чернухин алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында алғаш рет академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды. Астана әуежайында спортшылар мен жаттықтырушыларды тарихи чемпиондар мәртебесінде жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды. Жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 17 спортшы өнер көрсетті. Бұл алтын медаль – үлкен еңбектің, тәртіптің және көп жылдық дайындықтың нәтижесі. Сонымен қатар Қазақстан спортының тарихына алтын әріптермее жазылады. Владислав Яковлевті, Иван Чернухинді, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Асылан Құсайыновты және бүкіл команданы тарихи жеңістерімен құттықтаймыз!

0

Бүгін елордада Жапониядағы XX жазғы Азия ойындарынан оралған Қазақстан ұлттық құрамасының академиялық ескек есу спортшыларын салтанатты қарсы алу іс-шарасы өтті.

Қазақстандық ескекшілер Владислав Яковлев пен Иван Чернухин алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында алғаш рет академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды.
Астана әуежайында спортшылар мен жаттықтырушыларды тарихи чемпиондар мәртебесінде жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды.

Жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 17 спортшы өнер көрсетті.

Бұл алтын медаль – үлкен еңбектің, тәртіптің және көп жылдық дайындықтың нәтижесі. Сонымен қатар Қазақстан спортының тарихына алтын әріптермее жазылады.

Владислав Яковлевті, Иван Чернухинді, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Асылан Құсайыновты және бүкіл команданы тарихи жеңістерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.