Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен және Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбетпен бірге аудан орталығындағы сауда нысандарын аралап, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында дүкен сөрелеріндегі азық-түліктердің құны әлеуметтік маңызы бар тауарларға бекітілген баға көрсеткішімен салыстырылып, кәсіпкерлерге азық-түлік құнын қымбаттатпау және үстеме бағаны 15%-дан асырмау жөнінде ескерту жасалды. Сондай-ақ, мониторингтік топ өкілдері кассалық аппараттың бар-жоғын тексеріп, әр кәсіпкерде салық төлемі бойынша онлайн-деректер жіберіп отыратын аппараттың болуы міндетті екендігін айтты. Ауданда баға тұрақтылығын сақтау бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстар легі мұнымен шектелмей, алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА
Next Post