«БАЙ ЖЕМ» жеңіс тұғырында

0

Өткен демалыс күндері Қордай ауылындағы спорт кешенінде кіші футболдан әуесқой ардагерлер арасында Қордай ауданының ашық лигасы өткен еді. +50, +40 жас санатында өнер көрсеткен бірнеше команда өзара мықтыны анықтаған болатын.

Тартысты өткен финалдық кездесуге және марапаттау рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты.

Ал, орындарға келер болсақ,  +50 санатындағы командалар арасында жүлделі ІІІ орынды Шу ауданының командасы жеңіп алса, ІІ орын қордайлық «Достар» командасына бұйырды. Ал, жарыс жеңімпазы атанып, І орынды  «Бай Жем» командасы ұтып алды. Ал, +40 санатында өнер көрсеткен командарлар арасында І орынды СДДиА стомотология жігіттері ұтып алса, ІІ орынды «Жаңатұрмыс» командасы қанжығаға байлады. ІІІ орын қордайлық «Ан-Наср» командасына бұйырды.

Финалдық кездесу және жабылу салтанаты барысында барлық қатысушыларға, соның ішінде үздік ойыншылар мен қақпашыларға  арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.