БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСТЫ НАЗАР

0

Қордай ауданында 12-18 жас аралығында жасөспірімдерді, 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдерді және босанғаннан кейін 42 күннен бастап емізетін әйелдерді вакцинациялау науқаны жалғасуда. 20 желтоқсанға «Pfizer» вакцинасымен 928 адам егілді, оның ішінде 765 жасөспірім, 112 жүкті және 51 бала емізетін әйелдер бар. 74 қордайлық вакцинаны қайта алған.

Инфекционист- иммунолог дәрігер Эмина Кишиева ата-аналар тарапынан балаларды вакцинациялау мәселесіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
— Эмина Фирудиновна, балаларға жасалған БЦЖ вакцинасы коронавирустан қорғай ма? Бұл жағдайда Pfizer салмай-ақ қойса бола ма?
— БЦЖ вакцинасы арнайы туберкулезды алдын алу үшін қолданылады және оның ауыр түрлерінен қорғайды (милиарлы таралып кеткен туберкулез, туберкулездік менингит). Әлемдік тәжірибеде КВИ-ден қорғануға БЦЖ вакцинасының әсері жөнінде негізделген дәлелдеме жоқ, яғни туберкулезге қарсы вакцина коронавирустық жұқпадан қорғай алмайды. КВИ-дан қорғану мақсатында аталмыш жұқпаға қарсы екпе алу ұсынылады. Әлемдік деңгейде жасөспірімдерге «Comirnaty» («Pfizer» компаниясы) вакцинасы ұсынылған, сондықтан жасөсіпірмдерді КВИ-дан қорғау үшін аталмыш вакцина ұсынылады.
-Балама «Pfizer» емес басқа вакцина салдырсам бола ма?
-Қазіргі уақытта елімізде 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау ДДҰ мақұлдаған және 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакцинациялауға ұсыналған жалғыз вакцина болып табылатын «Комирнати» вакцинасымен («Пфайзер» компаниясы) жүзеге асырылады. Республикада көрсетілген контингенттерге вакцинация жүргізу 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау ұсынылған басқа елдердің (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Бельгия, Үндістан, БАӘ) тәжірибесіне негізделген.
-Бірқатар ел балаларды вакцинациялаудан бас тартты. Біз оны неге жасап жатырмыз?
— ДДҰ 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді «Комирнати» вакцинасымен («Пфайзер» компаниясы) вакцинациялауды ұсынады. Бүгінгі таңда Израиль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина және т.б. сияқты көптеген дамыған елдердің билігі осы вакцинамен балаларды КВИ-ге қарсы вакцинациялау науқанын бастады.
— «Pfizer» вакцинасын қалай дұрыс егу қажет және қандай жанама әсері бар?
-12 жастан асқан жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі, сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша емханада вакцинациялауды жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі. Мектеп тіркелген медициналық ұйым жасөспірімдерді вакциналау үшін егу бригадаларының медициналық қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз етеді.
Вакцинаның қауіпсізідігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін сақтау және жеткізудің әртүрлі деңгейлерінде «суық тізбек» қамтамасыз етіледі. Pfizer вакцинасы облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларында минус 60-90°C температура жағдайында сақталады. Білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдардың егу пункттерінде күнтізбелік 31 күнге дейінгі мерзімге плюс 2-8°C температурада сақталады.
Вакцинациядан кейін инъекция орнындағы ауырсыну, ісіну, шаршағыштық, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, буын ауыруы, қалтырау, диарея, қызу көтерілу секілді реакциялар болуы мүмкін. Аталған әсерлердің кейбірі 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерде ересектерге қарағанда біршама жиі кездескен. Сонымен бірге, инъекция орнындағы қызару, жүрек айну, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнындағы қышу, бөртпе немесе қышу сияқты аллергиялық реакциялар да жиі кездескен.
Еске салайық, иммундаудан кейін жағымсыз салдарлар туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет.
-Қарсы көрсетілімдер бар ма?
-Қарсы көрсетілімдер қатарында белсенді затқа немесе препараттың кез-келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқа немесе желатинге аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы көрсетілім немесе ескерту емес, өйткені вакцинада бұл компоненттер жоқ; 12 жасқа дейін; 16 аптаға дейінгі жүктілік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.