БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

0

Аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұлдың төрағалығымен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында балалар мен отбасыларды қолдау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жай-күйі қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – «Аяла» отбасын қолдау орталығының жұмысы. Бұл мәселе бойынша орталық директоры Гүлмира Ордаш баяндама жасап, отбасы институтын нығайту, қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар «Балауса» балалар сауықтыру лагерінің жұмысы талқыланды. Лагерь директоры Еркін Тулеуов сауықтыру маусымының қорытындысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демалысын тиімді ұйымдастыру және бос уақытын мазмұнды өткізу бағытындағы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отбасыларға көрсетілетін қолдау шараларын одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.