«БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА»

0

«Мектепке жол» Республикалық акциясы Кенен ауылы №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектепте  ұйымдастырылды.

 

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қорларының                  іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Мектебімізде ұстаздар қауымы мектеп табалдырығын аттаған әр оқушыны жылы жүзбен қарсы алып,  көмекке мұқтаж 5 оқушыға оқу құралдарымен көмек көрсетті. Сондай-ақ жеке шаруа қожалықтары, мекеме ұжымдары және ауыл азаматтары 10 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етіп, демеушілік етті.

Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйым-дастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге атсалысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.

М.Аусагатова, М.Меирханова,

№42 ОМ әлеуметтік педагогтары

Leave A Reply

Your email address will not be published.