БАРЛЫҚ ЖҰМЫССЫЗДАР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА

0

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес «Алғашқы жұмыс орны» жобасы құрылады.
— «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 18 айдан;
— жұмыс тәжірибесі жоқ 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатыса алады.
— Оқу орындарының түлектері үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе Ұлттық кәсіптер жіктеуішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның (жалақының) бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есептемегенде кемінде 30 (отыз) АЕК-ті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Толық ақпарат алу үшін Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз 4-84-96.
Электрондық пошта:korday_cz@mail.ru

Leave A Reply

Your email address will not be published.