Баспасөз өкілдері ел болашағына қатысты шешімге қатысты

0

Қордай ауданында өтіп жатқан референдумда тұрғындар белсенді түрде қатысуда. Солардың қатарында аудандық «Қордай шамшырағы – «Кордайский маяк» газетінің тілшілері мен қызметкерлері өз таңдауын жасап, дауыс берді.⁣⁣⠀
Елдегі маңызды саяси науқаннан шет қалмаған журналистер қауымы ұстанымын білдіріп, жаңа Конституцияны қолдап дауыс бергенін жеткізді. Өйткені, Ата Заң – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын басты құжат.⁣⁣⠀
-Жаңа Конституцияны қолдап, осы елдің азаматы ретінде дауыс бердік. Ата Заң – еліміздің ең маңызды құжаты, жол көрсететін темірқазығы. Әлемде өзгерістер болып жатқан кезеңде елдің бірлігі мен тұрақтылығы аса маңызды. Куә болғанымыздай, Қордай жұртшылығы референдумға белсенді қатысып, азаматтың ұстанымын көрсетіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты, — дейді ауданның басты баспасөз құралының тілшілері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.