Жетінші арнада сайлауалды теледебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу реті анықталды
Жетінші арнада сайлауалды телевизиялық дебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу кезегін анықтайтын жеребе тарту рәсімі өтті.
Бүгін Жетінші арнаның тікелей эфирінде 5 тамыз күні Астанадағы «Қазмедиа орталығы» концерт залында өтетін сайлауалды телевизиялық дебаттарға қатысатын саяси партиялар өкілдерінің сөз сөйлеу кезегін анықтайтын ашық жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе тартуға Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері қатысты. Рәсім ашық форматта ұйымдастырылып, барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндік пен үдерістің ашықтығын қамтамасыз етті.