БЕЛГРАДТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

0

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі

Бранко Пешич мемориалы өтті.

 

Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысқан халықаралық турнирге Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынады.

Дүбірлі додаға Қордай ауданының спортшысы Диас Молжігітов қатысып, 75 келі салмақ дәрежесінде турнирдің жеңімпазы атанды. Былғары қолғап шеберін кезекті жеңісімен құттықтаймыз.

Айта кетейік, Қордай ауылының тумасы Диас Молжігітов бокстан спорт шебері, Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі. Қазақстан Респуликасының жастар арасындағы бокстан екі дүркін чемпионы, 2021 жылы өткен әлем чемпионатының жүлдегері, Венгрия мен Болгарияда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы, ҚР ерлер арасында чемпионы. 2022 жылдың қаңтар айында Тайланд астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі Азия жастары біріншілігінде де финалға жетіп,  байрақты бәсекенің күміс жүлдегері атанған болатын. Сонымен қатар, былтыр Астана қаласында өткен VI жазғы Спартакиада ойындарында жерлесіміз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атыраулық Нұрқанат Райысты айқын басымдықпен ұтып, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.