БАЛЫҚ АУЛАУҒА УАҚЫТША ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

0

Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына және Қазақстан Республикасында балық және басқа да су жануарларын аулау ережесіне сай Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылдың 24 шілдесіндегі №190 бұйрығының негізінде 2024 жылдың 15 сәуірі мен 31 мамыры аралығында балықтардың уылдырық шашу кезеңі деп жарияланғанын хабарлайды. Осыған орай, Қордай ауданы өзені мен көлдерінің және балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы балық қорын қайта өсіру бойынша әрі қарай қорғауды қамтамасыз ету және ұйымдастыруды жақсарту мақсатында балықтардың уылдырық шашу кезеңінде аудан бойынша ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінен арнайы бақылаушы топ құрылған.

 

Б.Сурабжанов, аңшылықтанушы

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.