БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

0

Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қордай аудандық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев, аудандық сайлау учаскелерінің төрағалары мен төрайымдары, комиссия мүшелері қатысты.

Жиынның күн тәртібіне екі мәселе шығарылып, бірінші мәселе бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев баяндама жасады. Комиссия төрағасы 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын Қордай ауданында әзірлеу мен өткізудің қорытындысы туралы толыққанды ақпарат берді. «Саяси науқан күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, тиісті іс-шаралар уақытында орындалды. Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленді, аудан бойынша 44 үгіт-насихат тақталары пайдаланылды. Сонымен қатар сайлау күні аудан бойынша үй жағдайында дауыс беретін мүгедектігі бар азаматтарға мекен жайына бару және инватакси жұмыс атқарды. Есту қабілеті бұзылған 12 мүгедектігі бар азаматқа ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылды. Учаскеде дауыс беруге қатысқан, дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны 174 немесе 61,7 пайыз құрады, үйде дауыс берген ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны 108 немесе 38,3 пайыз. Аудандағы барлық 54 сайлау учаскесі ҚР Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дайындалды»,-деген А.Сырлыбаев сайлау күні ешқандай арыз-шағымның түспегенін және құқықбұзушылықтардың орын алмағанын жеткізді.
Баяндамашының сөзінен кейін аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай саяси науқанды өткізу мен даярлау барысында жоғары белсенділік танытқан азаматтарға аудан басшысы М.Мұсаевтың ризашылығын жеткізіп, бірқатар үздіктерді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатымен және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатымен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.