Береке гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қамқор» жобасы аясында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті

0

Береке гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қамқор» жобасы аясында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті. Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар, колледж ұжымы мен студенттер қатысып, табиғатты қорғау бағытындағы бастамаларға қолдау білдірді. Қатысушылар қоршаған ортаны сақтаудың маңызы туралы пікір алмасып, жастарды табиғатты құрметтеуге шақырды.

Шара соңында қатысушыларға Конституцияның жаңа жобасы таныстырылып, 15 наурызда өтетін референдумның маңызы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысу қажеттігі айтылды.

#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң

Leave A Reply

Your email address will not be published.