БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

0

Ауданымызда білім бөліміне қарасты 47 мектеп бар. Оның ішінде 27 мектептің атауы жоқ болғандықтан олар тек нөмірімен аталып келген болатын. Мектептерге жеке адамның атауын беру үшін әр мектептің ұжымы 2020 жылы қыркүйек айында мәселе көтеріп, қаулыға сай педагогикалық кеңестің шешімімен ұсыныстарын берген еді. Биыл сол ұсыныстар нәтижесі белгілі болды. 27 мектептің атаулары толығымен өзгертіліп, әр мектепке ұлтымыздың ұлы тұлғаларының есімі беріліп, енді аталмыш мектептер номермен емес нақты атауымен аталатын болды.

Айтап айтар болсақ, №21 орта мектеп Сәкен Сейфуллин атындағы, №24 орта мектеп Мұхтар Әуезов атындағы, №25 орта мектеп Санжар Асфендияров атындағы, №40 негізгі мектеп Смағұл Сәдуақасов атындағы, №45 негізгі мектеп Жұбан Молдағалиев атындағы, №47 орта мектеп Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы, №49 негізгі мектеп Оралхан Бөкей атындағы, №50 орта мектеп Әл-Фараби атындағы, №51 орта мектеп Ахмет Байтұрсынұлы атындағы, №5 орта мектеп Қаныш Сәтбаев атындағы, №6 негізгі мектеп Шерхан Мұртаза атындағы, №9 орта мектеп Әлихан Бөкейханов атындағы, №11 негізгі мектеп Спандияр Көбеев атындағы, №13 орта мектеп Міржақып Дулатұлы атындағы, №31 орта мектеп Қайрат Рысқұлбеков атындағы, №33 негізгі мектеп Мұқағали Мақатаев атындағы, №38 орта мектеп Талғат Бигелдинов атындағы, №39 орта мектеп Манаш Қозыбаев атындағы, №48 орта мектеп Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы, №10 орта мектеп Ораз Жандосов атындағы, №12 орта мектеп Жүсіпбек Аймауытов атындағы, №17 орта мектеп Мәншүк Мәметова атындағы, №18 орта мектеп Әлия Молдағұлова атындағы, №20 орта мектеп Мағжан Жұмабаев атындағы, №22 орта мектеп Ілияс Жансүгіров атындағы, №29 орта мектеп Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы, №30 орта мектеп Мұстафа Шоқай атындағы болып өзгертілді.
Жаңа атауларға ауыстыру үрдісінің нәтижесінде ұлт қайраткерлерімен бірге өңір тарихында орны бар тұлғалардың есімдері де құрметтелді.
Ж.ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.