Қордай ауданының 2022 жылғы қаңтар–қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

0

Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрінің өнімдерін қоса есептегенде 11336 тонна ет, 50756,2 тонна сүт, 16553 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 11,6 тонна ет, 265,5 тонна сүт, 0,3 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 77389 басқа, қой 457659 басқа, ешкі 13655 басқа, жылқы 17988 басқа, үй құстары 139943 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда қой 12938 басқа, үй құстары 10085 басқа көбейіп, мүйізді ірі қара 9467 басқа, ешкі 612 басқа, жылқы 106 басқа азайған.

Өнеркәсіп өндірісі. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 21475,1 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2021 жылғы сәйкес кезеңге 103,3 %-ды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 51913510 мың теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 21878219 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 21454792 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 6335787 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 15119005 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.