Балалардың жазғы тынығу лагерлері әртүрлі болғанымен, олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін лагерьде тұрақты түрде түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Өткен жұмада аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары бірігіп Қордай ауылындағы «Балауса» сауықтыру лагерінде жасөспірімдер арасында спорттық эстафета ойындарын ұйымдастырды. Спорттық шараға балалар белсене қатысып, әр ойыншы өз командасының беделін көтеруге тырысты. Сонымен қатар, бұл күні жасөспірімдер арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Ойын өте қызықты, әрі көңілді өтті. Жарыс қорытындысына сәйкес, жеңімпаз командалар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тарапынан сыйлықтар, диплом және алғыс хаттарымен марапатталды.
Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлай ашылған жазғы демалыс лагерлерінде демалушылар бос уақыттарын мағыналы өткізіп, үйлеріне сергіп, білімдерін, қабілеттерін жетілдіріп қайтқаны сөзсіз.