«Біз сізді жақсы көреміз…»

0

Адамды жақсы танып-білу үшін онымен жақсы арала- су қажет. Десек те, бүгінгі кейіпкермен бір кесе шәй ішуге мүмкіндік те болмапты. Оны ұзақ жылдар бойы танысам да, ол мен үшін жұмбақ болатын. Мен оны ұстазым деп санайтынмын. 1976 жылы партияның аудандық комитетіне қабылдандым. Екінші қабатта орналасқан ұйымдастыру бөлімінде үш дөкей отыратын, олар В.В.Приезжев, М.А.Үйсімбаев және Р.К. Семирханова. Ауданда үлкен сый-құрметке ие, партиялық этиканың жоғары үлгілер мен үшін ең ардақты адамдар болатын. Олармен сөйлескенде жүрек тоқтауға аз қалатын, оның себебін өзім де түсінбейтінмін. Олар жұмыс істеуді үйретпейтін, қолдан сүйреп, қателерді көрсеткен жоқ, жәй ғана бір-екі ауыз сөзбен жұмыстың бағытын сілтеп, шешім іздеуге ынталандыратын. Қиын болғанымен, бұл мен жаңа мамандықты өз бетімен игеріп кетудің ұтымды тәсілдердің бірі болды. Рашида Қадырқызы Семирханованың мерейтойының қарсаңында мерейтой иесімен ғана емес, аудандық тұтыну кооперациясының басшыларымен кездесу мүмкіндігі туындады. Сауда базаларының, кооперативтік сауда, аудандық әмбебап дүкенінің, қоғамдық тамақтану ұйымдарының бұрынғы директорлары, бөлімше басшылары әріптестеріне есте қаларлық мереке ұйымдастырды. Ал туған күндерін тойлауды, мақтау сөздерін ұнатпайтын мерейтой иесі дәл сол күні бір жаққа кетіп қалуға тырысады екен. Бірақ бұл жолы жол- дастары мен әріптестері туған-туыстарының келісімін алып, мереке ұйымдастыруды өз қолдарына алған. Немере-шөберелері сүйікті әжелеріне ән мен өлең ар- нап, мың бұралып би билеп, әрбір құттықтаумен өз ма- хаббаттары мен сезімдерін жеткізуге тырысты. Кеш жүргізушіері Латиф Мамедхасанович Абылкасымов пен Нина Ивановна Баимованың арқасында мерейтой кеші театрландырылған көрініске айналды. Сауда базасы түгілі, аудандық тұтыну кооперациясының жұмысы 20 жыл бұрын тоқтағанымен, Рашида Қадырқызы бұрынғы әріптестерінен қол үзген жоқ. Маған бұрынғы директормен сұхбаттасу бұйырған екен. Басшы, тұлға ретінде Семирханова туралы әңгіме бүгінгі жас басшылар мен кәсіпкерлер үшін қызықты бо- латынына сенімдімін. Оның өмірбаяны бір мақсатты көздеген еңбек ұжымын қалыптастыру үшін, сондай-ақ тұлғаның басшы ретінде қалыптасуы туралы құрал және нұсқаулық болып табылады. Р.К.Семирханова әріптестері мен жолдастары үшін қандай адам? Семейдегі қаржы-экономикалық техникумды аяқтағаннан кейін Рашида Семирханова Жамбыл облыстық қаржы бөліміне жолдама алып, біздің ауданға жұмысқа келеді. Алғашқы қызметі – салықтар мен алым- дар бойынша учаскелік инспектор. Осы кезде (1957ж.) қаржы бөліміне әскерден қайтқан Шөпен Молдақалықов жұмысқа тұрады. Екі жас маманның сол кезден басталған достығы көптеген жылдар бойы үзілген жоқ. Содан кейін Рашида Қадырқызы білімін жалғастырып, Қырғыз мемлекеттік университетіне түсіп, аға инспек- тор, аға бухгалтер, мемлекеттік кірістер бойынша аға экономист ретінде жұмыс атқарып, мансабы бойын- ша жоғарылай береді. Дарынды қаржыгер партия басшылығының көзіне түсіп, жұмысқа шақырылады, осылайша басшы қызметкердің қалыптасуы бастала- ды. Үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы ретінде жұмысты бастаған ол кейіннен партиялық ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы ретінде ауыстырылып, 10 жылдан кейін Жамбыл облыстық тұтыну одағының қарамағына ауы- стырылады. Қордай сауда базасының директоры ретінде тағайындалып, бұл қызметті 20 жылдай атқарды. Көп жылдар өткеннен кейін өз басшылары туралы қандай пікірде қалғандарын білгім келген мен сауда база- сы қоймасының бұрынғы меңгерушісі Мираш Қалышеваға жолықтым. –Адал, парасатты, тамаша басшы. Қателектері үшін ұрсып, бірде жаны ашып, бірде кеңес беріп, дұрыс бағыт көрсетіп, кез-келген комиссия алдында қорғап, өз қызметкерін ақтап шығатын. Біз оны жақсы көретінбіз, сенетінбіз, ол кісіден жұмыс істеуді ғана емес, адамдар- мен қатынасуды, өмір сүруді үйренетінбіз. Мен үшін оның ықыласы маңызды болатын. Жолдасым өмірден озғаннан кейін мен жанымда үнемі Семирханова болғанын бірден түсінбепін. Ол маған қолдау көрсетіп, жұбатып, бір сәтке де жалғыз қалдырған емес. Ол әлі де бұрынғы қызметкерлеріне жақсы қарайды. Сол кеште мен осыған ұқсас талай әңгіме естідім. Әрбір шақырылған қонақпен бірнеше минут сөйлескеннен адамның мінезін, оның өмір салтын білу, оның ерекшелігі неде екенін түсіну жеткіліксіз. Мен сұхбаттасқан адамның бәрі қызықты адамдар болып шықты, олар жастық шақтары мен сүйікті ұжымда жұмыс істеген жылдарды жылулықпен естеріне алды. -Команда құру бойынша ерекше дарыны бо- латын, мықты басшы болғаны соншалықты, сауда базасының бұрынғы қызметкерлері әлі күнге дейін бір отбасы сияқты. Ұжыммен тіл табысқандықтан, өндірістік көрсеткіштері респу- блика, тіпті ҚСРО деңгейінде жоғары болатын. Бұл ретте оның кәсіпқойлығы, биязы мінезі, басшылық ету қабілеті маңызды рөл атқарды, — дейді мерей- той иесі туралы аудандық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы, отбасының досы А.Ф.Бражников. -Рашида Қадырқызы, мен сізді жақсы көремін!, — деп бастаған 20 жыл бойы аудандық тұтынушы коопе- рациясын басқарған М.К.Кенжебаевтың сөзі ешкімді таңғалдырған жоқ.- Бүгін ең жақын адамдар жиналды, көп жылдардан кейін сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. 17 жыл бірге, еске аларлық нәрсе көп. Рашида Қадырқызы туған анамыздай болды. Қазір де сондай. Семирханова ауданның сауда саласының дамуына елеулі үлес қосып, барлық марапаттарға және жерлестерінің сый-құрметіне лайықты жан деп санаймын. Мараппатартуралыайтатынболсақ, Р.К.Семирханова Қордай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін», «Қажырлы еңбегі үшін», «Жамбыл облысының дамуына атсалысқаны үшін» медальда- рымен, сондай-ақ тыл еңбеккері ретінде Жеңіс күніне орай мерейтойлық медальдармен, «Кеңестік тұтынушы кооперациясының үздігі» төсбелгісімен, бірнеше мәрте облыстық, аудандық әкімдік, мәслихаттардың грамота- лары мен алғыс хаттарымен марапатталды. -Сіз бақытты жансыз, Рашида Қадыровна, — дейді аудандық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы А.А.Шупта. -Сізді құттықтау, қуанышыңызды бөлісу үшін қаншама адам жиналды. Семирханованы 1975 жылдан бастап танимын. Мінезі жұмсақ деп айта алмаймын. Өз ұстанымын берік ұстап, пікіріне берік адам. Өзі жеңіл, жылдам, әдемі әйел! Әр адамның тағдыры — өз қолында! Сөзін әріптестеріне қошемет сөздерінен бастаған кооперациялық сауда ұйымының бұрынғы директоры, қазіргі таңда ірі ауылшаруашылық бірлестіктің басшы- сы Д.Өңгелдиев Д.Семирхановаға ақжарма тілектерін жеткізді. –Сауда базасы жоғары нәтижеге қалай жетті? Бұл – Рашида Қадырқызының еңбегі. Ол ел үшін қызмет ететін, қарапайым қызметкеріне жағуға тырысатын. База- дан тауарлар кең талғамда болатын, бірінші қажеттілікті тауарларды, тапшы болған тауарды ауданның шалғай ауылдарына жеткізетінбіз. Сондықтан сауда айналымы тұрақты түрде жаңарып тұратын. — В.А.Щербина, ірі әмбебап дүкенінің директоры, бұрынғы әріптесі, сонымен қатар отбасының көпжылдық досы: — Біз жұбайларымыз арқылы таныстық, отбасы болып араласып, жұмыс бойынша жиі кездесетінбіз. Өмір жолдарымыз қатар жүрді. Рашида Қадырқызы адамгершілігі, мейірімділігі, тыңдай білу, қолдай білудің арқасында сый-құрметке ие болды. Мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға дайын. Бұл қасиеттер оның бойында әлі де бар. Р.А.Малафеева мен мерейтой иесі бір-бірін та- нып, жұмыс істеп, достық қарым-қатынас сақтап келе жатқандарына жарты ғасырдан астам уақыт, нақты айтқанда 54 жыл болды. Раиса Алексеевна сауда базасының техникалық-талдау бөлімінде жұмыс істеген. «Рашида Қадырқызы кез-келген мәселені терең білетін. Барлық ісін шегеріп, кеңес беріп, ақылын айтатын. Оны- мен жұмыс істеген оңай және қызықты болатын. Адал дос, тамаша әйел, ол үшін адамның бәрі бірдей болатын. Оның мінезі қатал болғанымен адамдар оған өздері тар- тылатын, қызметкерлеріне де, өзіне де талап қоя білетін. Өте сабырлы адам. Онымен араласып жүріп, ол біреуді ренжіткенін, немесе кемсіткенін естімеппін. Мұндай қылық оған тән емес. Сондықтан көпшілік оны сыйлап қана қоймай, жақсы көретін». Кеш жүргізушісі Н.И.Баимова мерейтой иегерінің қысқаша өмірбаянын өзгеше түрде ұсынып, комедиялық скетч ретінде көрсетті. «Рашида Қадырқызы билік тізгінін Сталин ұстағанда дүниеге келген. Тұрмыс құрғанда елді Хрущев басқарған. Тұңғышы тоқырау заманында дүниеге келді (Брежневтың басқаруы). Маленковтың кезінде еңбек жолын бастаған (1953ж.). Билікке Горбачев келген- де ол сауда базасында жұмыс істеп жүрген, ал Ельциннің кезінде Кеңес Одағы ыдырап, жұмысы тоқтаған. Назарбаевтың кезінде Семирханова жеке кәсіпкерлікті қолға алған. Еңбегі сіңген зейнеткер күні бүгінгі дейін еңбек етуде. Жалпы еңбек өтілі -66 жас! Бұл әйелдің қуаты, оптимизмі, жұмысқа ынтасы, айналасындағы адам- дармен тіл табысу мен сенімділік атмосферасын құруға икемділігі тәнті етеді. Мемлекеттік хатшылар, президенттер ауысып жатса да, адамдар қала береді. Олардың өмірлік тәжірибелері көптеген ұрпақтарға жетеді. Айжамал Болысаеваның сөзі осы туралы болды. Оның әкесі Тұрсынбек Тоқобаевтың балаларына берген білімі мен тәрбиесі олардың өз немересін солай тәрбиелеуге үлгі болды. «Аға буын әдептілікті, адамдарды құрметтеуді бірінші орынға қояды. Сондықтан да олар сый-құрметке ие, біз үшін үлгі. Өмірімнің ең жақсы жылдары әкем сияқты жақсы адам- дар арасында өтті. Семирханованың ұжымы 35 адамнан тұратын, ол әлі күні күнге дейін сақтаулы. Тек қана бұрынғы қызметкерлердің балалары мен немерелері қосылды, олар да біз үшін бөтен адам емес. Уақыт өте келе біз ол кісілердің біз үшін істегенін бағалай алдық. Олар қалаған іргетас бірнеше буынға жетеді. Сол үшін олардың алдын- да бас иемін. Мен соларға ұқсауға тырысамын», — деп ау- дан орталығындағы «ПАБ» дәмханасының иесі, бизнес- мен Айжамал Тұрсынбекқызы аудандық мекемелерінің бұрынғы басшылары туралы өз пікірін білдірді. Г.А.Лейконың естеліктерінен: «Сауда саласын- да оның әкесі мен әкпесі жұмыс істеген. Өзі нантағамкомбинатында (ХПК) технолог болып жұмыс істеген. Әлі күнге дейін тұтынушылар ара- сында жоғары сұранысқа ие ысталған балық, лимо- над, нан, барбарис сынды өнімдерін мақтанышпен жіпке тізді…Жамбыл (Тараз), Алматы, Бішкек, Ре- сейге бара жатқанда базарлық ретінде осы өнімді апаратынымыз көпшіліктің есінде, оларды туыған- туыстарымыз бен бұрынғы жерлестеріміз қуана- қуана қарсы алатын. Бір өндірісте жұмыс жасамаса да Рашида Қадырқызын жақсы біледі – сауда база- сы, тағам комбинаты, дайындау конторасы, сель- по аудандық тұтыну одағының құрамына кіретін. «Осы кісі сияқты сабырлы, талап қоюшы болуды үйренетінмін. Татарлар – жұмсақ мінезді адамдар, онымен жұмыс істесен оңай болатын. Адамның ақыл-парасаты жоғары болған сайын онымен қарым-қатынас нәтижелі және жағымды болады». Әсіресе кеш жүргізушісі, бұрынғы әріптесі (қойма меңгерушісі), қазір «Азери» әзірбайжан этномәдени орталығының директоры Латиф Мамедхасанович Абылкасымовтың құттықтауы әсерлі болды. Мерейтой иегерінің 85-жасын ол мақтанышпен атап өтті. Оның ай- туынша, адам өз жасын жасырмай, керісінше оны мақтан тұту керек. Әдемі, ақылды, дарынды әйелдің әлі күнге дейін тәжірибесі мен білімі сұранысқа ие. Оның ата- аналары ұзақ өмір жасаған кісілер. Анасының жасы 100 жылдан асса, әкесі 110 жыл жасапты. Өмірлерінің соңғы күндеріне дейін қимыл-қозғалыста болып, ширақтығын сақтаған. Екінші жүргізуші Н.И.Баимованың Рашида Қадырқызымен қарым-қатынасы ерекше екені білініп тұр. Екеуін біріктіретін тұтуну кооперациясындағы жұмысқа адалдықтары болар. Нина Ивановна сауда са- ласында жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс жасаған: нантағамкомбинатында инженер-технолог, кейіннен 33 кәсіпорын кіретін қоғамдық тамақтану мекемесін басқарды. Мерейтой иегері екеуінің мінезедері екі түрлі. Біреуі – сабырлы, байсалды, екіншісі – белсенді, екпінді. Дегенмен екеуі отбасы мен жұмысына адалдықтары мен әдептілігі және табандылықтарымен ұқсас. Нина Иванов- на Семирханованың бойындағы басты қасиеттерін жіпке тізіп шықты, ол батыл, өз ұстанымын қорғай алады, дос ретінде адал, басшылық алдында жалпылдамайды, ба- стамаларды қолдап, тұрақты түрде өзін-өзі жетілдіріп жүреді. Ішкі дүниесі бай. Айтатын сөз таусылғандай болды. Дегенмен Хасанов Мади мен Садулаева Зура Семирханованы «қорғаушы періште» деп атап, оны не үшін жақсы көретіндерін жеткізуге тырысты. Семирханова бірден бұл екі жастың кәсіпкерлікке жақын екенін байқаған. Ол ақыл айтып, жол сілтеп, екеуін бизнестің қиын жолымен жетектеп, «Сладости Востока» кәсіпорнын ашуға өз үлесін қосты. «Біздің қыздар оқудан өтіп, бүгін көбі шағын кондитерлік өнім шығаратын цех ашып, қалғаны осы салада жұмыс жалғастырып жатыр, — дейді Зура Саудалева. – Ұжым жаңартылып, жасаруда. Біз кадрларды шыңдап, жастар- ды оқытып, тәрбиелейміз. Біздің өнімді қордайлықтар жақсы біледі, сүйікті тәттілер кез-келген мерекелік дастарханның сәнін кіргізеді. Семирханованың мектебі – кәсіпкерлер үшін ақылдың кені. Рашида тәтеміз біз үшін ең жақын адам». -Сіз сияқты ананың перзенті болу мен үшін үлкен бақыт, — деп Рашида Қадырқызының қызы Галина өз құттықтауын бастады. – Сіз менің өмірім, бақытым, тірегім және панамсыз. Өмір жасыңызы ұзақ болсын, сізге көп көңіл бөлмей, әрдайым жаныңызда болма- сам да сізге деген махаббатым шексіз. Күн сайын менің тәрбиеме қаншама күш жұмсағаныңды жақсы түсініп келемін. Деніңіз сау болсын, жүзіңізден күлкі кетпесін. Бүгінгі айтылған сөздердің бәріне лайықтысыз. Бүгін бар- ша жолдастарыңыз сіздің жақсы қасиеттеріңізді атап, сіз туралы не ойлайтындарын айта алады. Рашида Қадырқызы Зура Хасанованы туған анасын- дай көреді:-мен Қордайда тұрмаймын, анамның жанында үнемі бола алмаймын. Бірақ анам үшін алаңдамаймын, себебі ол Зураның қамқорлығында. Зураның екі сіңлісі Дина мен Руфа да Рашида Қадырқызын екінші аналары санайды. Сондай-ақ, Германиядан Орт Эдуард Петрович пен Нелля Антоновнаның жолдаған бейнеқұттықтаулары кештің қызықты бөліктерінің бірі болды. Олар арнайы бұрынғы тауартанушы Клара Оттовна Кромерге Рашида Қадырқызын құттықтау арнау үшін барған. Сондай-ақ, В.В.Приезжев пен оның жұбайының құттықтауы қымбат болды. Ал аспаз Анна Михайовна Фединаның қызы Вера Ивановна Ткачеваның құттықтауы тосынсый болды. «Бұрынғы директорлар – Қордайдың ғана емес, Жамбыл облысының аңыз адамдары. Олар туралы жазу да, айту да керек. Кезінде олар кеңшар мен ұжымшарларды, са- уданы көтерген адамдар. Семирханова озат жұмысшы болатын. Менің анамда үздік қызметкер болған, оның суреті орталық алаңда Құрмет тақтасында ілулі тұрған. Ата-аналырымыз біз үшін мақтаныш болатын. Рашида Қадырқызына ұзақ өмір тілеймін». Бұрынғы директорлар – ауданның алтын қоры. Олардың даналықтары, адалдықтары, халыққа адал қызмет етуі жастарға үлгі-өнеге.
Людмила ДОСЕМБЕКОВА, ардагер журналист

Leave A Reply

Your email address will not be published.