Құрметті Қордай ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қордай ауданының аумағы бойынша 2024 жылдың қыркүйек айының 2-6 жұлдыздары аралығында «Борышкер-2024» акциясы жүргізілуде. Осы акция барысында Қордай АПБ-нің қызметкерлері аудандық жеке сот орындаушыларымен бірлесіп әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін, салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Сол себептен, сіздерден салынған айыппұлды уақытысында № 204106 есеп шотына төлеулеріңізді сұраймыз. Әкімшілік айыппұлды төлегеннен кейін, айыппұл төленген туралы түбіртекті Қордай ауылы, Төле би көшесі №61 мекенжайы бойынша орналасқан, Қордай АПБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет.
Р.Абдужалиев, Қордай АПБ-нің ӘПБ бастығы полиция майоры