«Борышкер» акциясы 

0

Құрметті, Қордай ауданының тұрғындары мен қонақтары! 

Қордай ауданы аумағы бойынша 2024 жылдың қазан айының 9-11 күндері аралығында «Борышкер-2024» акциясы жүргізіледі. Осы акция барысында Қордай АПБ-нің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылары бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Сол себептен, Сіздерден, салынған айыппұлды уақытысында №204106 есеп шотына төлеулеріңізді сұранамыз. Әкімшілік айыппұлды төлегеннен кейін, айыппұл төленгені туралы түбіртекті Қордай ауылы, Төле  би көшесі №61 мекенжайы бойынша орналасқан  Қордай АПБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет.

Р.Абдужалиев, Қордай АПБ-нің ӘПБ бастығы, полиция майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.