БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

0

4 наурыз күні Қордай ауданы бойынша «Мансап» орталығы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе отырып, Қордай ауданы бойынша жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 40 мекемеден түскен 133 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде білім саласы бойынша – 32 бос жұмыс орны, денсаулық сақтау бойынша – 29, әртүрлі жұмыстарға 70, заңгер –1, экономика – 1 жұмыс орны ұсынылды.

Жәрмеңкеге келесідей жұмыс берушілер қатысты:

1) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

2) Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы

3) Қордай ауданы бойынша мансап орталығы

4) Қордай ауданы әкімінің аппараты

5) Қордай аудандық білім бөлімі

6) Қордай аудандық орталық ауруханасы

7) Жастар ресурстық орталығы

8) Пробация бөлімі

9) Шекара бөлімі

Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 40-тан астам азаматтың ішінен 3 азамат «Білім дос» мектебіне сұхбаттасуға, 1 азамат «Айналайын» балабақшасына, 2 азамат Қордай аудандық ауруханасына, 4 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа және «ҚазАвтожол» мекемесіне 3 азамат, Пробация есебінде тіркеуде тұрған 1 азамат «Флагман» сауда үйіне, 2 азамат «Жастар практикасы» бойынша «Қуаныш-Қордай» балабақшасына сұхбаттасуға жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқудың, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары туралы және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.