Қордай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Бояулар әлемі» атты сурет байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру және олардың кәсіби бағдарларын ынталандыру.
Еркін тақырыпта өткен байқауда қатысушылар өз қиялдары мен шығармашылық шеберліктерін қағаз бетіне түсіріп, түрлі жанрдағы туындыларын ұсынды. Әрбір жұмыс оқушылардың дүниетанымы мен өнерге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.
Осындай шығармашылық шаралар жас таланттардың қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға және өнер арқылы өзін еркін танытуына мүмкіндік береді.