Қоғам дамып, ақпараттық технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сайын кітапхана қызметіне қойылатын талаптар да өзгеріп келеді. Бүгінде кітапханашы тек кітап қорын сақтап, оқырманға қажетті әдебиетті ұсынатын маман ғана емес, сонымен қатар ақпараттық кеңістікті меңгерген, цифрлық құралдарды тиімді пайдаланатын, шығармашылық ізденіске бейім әрі әрбір оқырманның жеке қажеттілігін ескеретін кәсіби маман болуы тиіс. Әсіресе көру қабілеті бұзылған азаматтарға қызмет көрсететін кітапханалар үшін заманауи технологияларды меңгеру мен инклюзивті ортаны қалыптастырудың маңызы зор.