ДАМУ МЕН ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫС

0

Дүйсенбі күні «AMANAT» партиясының Қордай аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Депутаттық фракция жетекшісі К.Кипчакбаеваның төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе, яғни «AMANAT» партиясының Қордай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, құры-лыс салаларына қатысты 2022 жылға арналған көрсеткіштерінің орындалуы туралы Қордай ауданы әкімінің орынбасары Е.Нуралиев баяндама жасады. «АМАNАТ» партиясының 2021-2025 ж.ж. арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасында жалпы 87 тармақ бекітілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту саласы бойынша 15 тармақ, оның ішінде 2022 жылға 13 тармақ жоспарланған»,-деген аудан әкімінің орынбасары жолдардың сапасын жақсарту, елді мекендерді ауыз су және газбен қамтамасыз ету, құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы бағытында жүргізіліп жатқан және жоспарланған жұмыстарға жеке-жеке тоқталды.
Осыдан кейін аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Р.Жатқанбай мен К.Дургалова сөз алып, сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы және депутаттық міндеттерін атқаруы туралы есеп берді. Жыл басынан бері атқарған жұмыстарын жіпке тізіп айтып берген халық қалаулылары алдағы уақытта да депутаттық қызметтерін өңіріміздің дамуы мен өркендеуі жолында жалғастыратындарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша депутаттық фракция жетекшісі К.Кипчакбаева хабарлама жасап, «AMANAT» партиясының Қордай аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы құрамына жаңа мүшелерді енгізу туралы ұсыныс жасады. Хабарламашының ұсынысын фракция мүшелері бірауыздан қолдап, аудандық мәслихаттың депутаттық фракциясы құрамына аудандық мәслихат депутаттары Мырзағали Кузербаев және Самат Аманбаев енгізілді. Осылайша күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды

Leave A Reply

Your email address will not be published.