ДАРЫНДЫ ӨРЕНДЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0

13 қаңтар күні Тараз қаласында  Республикалық «Шашу» байқауы өтті. Аталмыш байқауға аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Вокал» үйірмесінің білім алушылары да қатысып, бақтарын сынады.

Еліміздің әр өңірінен келген өнерлі жастар арасынан суырылып шыққан қордайлық дарынды өрендердің жетістіктеріне тоқталып өтсек.

Дүйсебай Нұриман — 1 орын, Сайлаубек Сабырғали — 1 орын, Аширова Маруа – гран при, Жалғас Итыгулов — гран при ұтып алды. Сонымен қатар, осы оқушылар сәуір айында Астана қаласында өтетін «Хабар» арнасының телевизиялық жобасына жолдама алды. Ал, Серік Әлихан – супер-гран приге ие болып, Республикалық финалға қатыспай-ақ, тікелей шілде айында Түркия елінде 9 мемлекеттің қатысуымен өтетін 6 күндік фестивальға тегін жолдама ұтып алды. Ұстаз үшін шәкірттерінің жетістікке жетіп, биікке шыққандарын көруден артық бақыт жоқ. Әнші балақайлар жетекшілері Төлеген Қыдырбектің үмітін ақтап, ауданымыздың мерейін өсірді. Жарайсыңдар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.