ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

0

Гвардейск гарнизонындағы танкілік бригадасында «Дара да дана тұлға Бауыржан Момышұлы» тақырыбында ерлік сабағы өтті.

Әскери бөлімнің кітапхана меңгерушісі Қарулы күштерінің қызметкері Гүлзия Сартаеваның өткізген ерлік сабағына Ауған соғысының ардагерлері мен сарбаздар және мектеп оқушылары қатысты.
Сабақ барысында аты аңызға айналған қазақ халқының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының ерліктері мен шығармашылығы туралы айтылып, ерлік сабағы сұрақ-жауап әдісімен өткізілді. Сонымен қатар, Aуған соғысының ардагерлері Ұлы Отан соғысының тарихы жайлы айтып, патриоттық сезімге бөлейтін Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін оқушылар мен сарбаздардың бойына сіңіре білді.
– Бүгінгі өткен отырыста бойымды бір ерекше сезім биледі. Себебі қонаққа келген оқушылар мен Ауған соғысының ардагерлерімен ерекше әңгіме жүргіздік. Бүгінгі тақырып Бауыржан Момышұлы атамыз жайлы болды. Оның өмірбаяны мен соғыста қолданған тактикалық айлаларымен таныстық. Бұл менің бойымда ерекше әсер қалдырды. «Қоянды қамыс, ержігітті намыс өлтіреді», – демекші Бауыржан атамыздың осындай ерліктерінің арқасында қазір бейбіт өмір сүрудеміз. Сондықтан бұл іс-шараның ұйымдастырушыларына менің алғысым шексіз, – деді қатардағы жауынгер Нұрым Күнтуғанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.