Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың тапсырмасына сәйкес орталық алаңдағы жаңа жылдық безендіру жұмыстары биыл ерекше форматта ұйымдастырылуда. Алаң аумағында заманауи жарық инсталляциялары орнатылып, мерекелік атмосфераны айшықтайтын сәндік элементтермен безендіру жұмыстары кезең-кезеңімен және жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жарықтандыру сапасына, безендірудің эстетикалық келбетіне және жалпы үйлесімділігіне ерекше назар аударылуда.