ЕРЛІКТІҢ ДАҢҚЫ МӘҢГІЛІК

0

9 мамыр – Жеңіс күніне орайластырылған салтанатты шара Қордай ауылының орталығындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш алдында өтті.

Мерекелік жиынға аудан әкімі Мәден Мұсаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, бөлім және мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ауданның барлық құқық қорғау органдарының басшылары мен шекарашылар қатысты.
Ата-баба ерлігіне құрмет көрсету, еске алу жиынында майдангерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Содан кейін салтанатты түрде ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Мұқағали ақын: «Неменеге жетістің, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр», — деген бір ауыз сөзінің мағынасы бүгінде арта түспесе еш кемімек емес. Жыл өткен сайын қатары сиреген қарияларымызға, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген құрметіміз шексіз, ал ерліктің даңқы мәңгілік болуы тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.