Флюорографиялық тексеруден уақытылы өту – денсаулықты сақтаудың және өкпе ауруларының алдын алудың ең тиімді әрі қолжетімді тәсілдерінің бірі. Бұл зерттеу өкпе тіндеріндегі патологиялық өзгерістерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беріп, сырқаттың асқынуын болдырмауға және дер кезінде ем-шараларды бастауға жағдай жасайды. Осы себепті флюорографиядан белгіленген мерзімде өтіп тұру – әрбір адамның өз денсаулығына деген саналы әрі жауапты көзқарасының маңызды көрсеткіші.
Бүгінгі таңда Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасы аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, жылжымалы медициналық бригадалар арқылы скринингтік тексерулер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, ерте диагностиканың маңыздылығы кеңінен насихатталып, халықтың профилактикалық тексеруден уақтылы өтуіне ерекше көңіл бөлінуде. Аурухана мамандары денсаулықты сақтау мен аурулардың алдын алуды басты басымдық ретінде қарастырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында тұрақты жұмыс атқаруда.
Айта кету қажет, қала тұрғындары флюорографиялық тексеруден өтуге ерекше белсенділік танытып, аталған скринингтік шараларға жоғары деңгейде қатысуда. Бұл – халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігінің артып келе жатқанын және профилактикалық медицинаның маңызын терең түсіне бастағанын көрсетеді.
Алдағы уақытта бұл профилактикалық жұмыстар ауданның барлық ауылдық елді мекендерін толық қамтып, тұрғындардың жүйелі түрде тексеруден өтуін қамтамасыз етуге бағытталады. Мұндай кешенді тәсіл ауруларды ерте анықтауға, асқынулардың алдын алуға және жалпы халық денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Қордай аудандық орталық ауруханасы