ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет. Сондықтан, газды дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар аударыңыз!

Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

— жалғастырушы түтіктердің ақаулары;

—  түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап

жалғанбауы;

— бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;

— майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің

жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;

— оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;

— оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.

Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға соғуы мүмкін. Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып – жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы көмір қышқылды газдың жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының улануына апарып соғады. Газ баллоны толтырылған әрі ақаусыз газ баллондарын тек арнайы мамандандырылған газ қызметтерінен ғана сатып алыңыздар! Бұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар. Жалғастырушы түтіктің дұрыс қосылғанын қадағалаңыз!

Баллон мен газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын болмауы керек. Сондай – ақжылурадиаторынанемесе пешке 1 метрденжақынорнатылмауытиіс. Мөлшердентысгазбентолтырылған баллон жылыжер де (жылыүйгекіргізіпжылы- тқанда) жарылуы мүмкін.Газ баллонының қақпағы көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға үзілді – кесілді тыйым салынады!

Б.Әпілбек, Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.