«АЛТЫН КҮЗ – БЕРЕКЕМ»

0

24.10 -27 қазан аралығында №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып бірлестігінің бастамасымен дәстүрлі «Алтын күз-берекем» атты табиғи заттар көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Туған жерімнің табиғаты ұғымдарының мағынасын түсініп, табиғатты аялауға, қоршаған ортаның сұлулығын сезіне білуге үйрету.

Көрмеге барша бастауыш сынып оқушылары қатысып, тапқырлықтарын өз қиялдарынан құрастырған тамаша туындыларын үлкен шеберлікпен көрсете білді. Көрменің әсемдігінен мектеп іші  ерекше мерекелік әуенге толып кеткендей. Тамаша суреттерді тамсанып, сұлулыққа куә болған көпшілік бір сәт ертегілер әлеміне енгендей күй кешті. Көрме маңында естелік суреттерге түсіп өз ризашылықтарын да жасыра алмады. Көрме жұмысына ата-аналар да бір кісідей балаларымен жұмыла кіріскендендігі көрініп тұрды. Мектеп әкімшілігіне, мектеп директоры Суджата Сарғасқаеваға өз тарапынан ата-аналар зор ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Нәтижесінде 1 «А» қг бас жүлдені иеленсе,  2-орын, 3-ші орынды  сыныптары өзара бөлісті. Осылайша күз мезгілінің молшылығын сезінген оқушылар керемет көңіл күймен тарқасты.

№1 Д.Қонаев атындағы  мектеп-гимназиясының 1 «А» сынып ата-аналары

Leave A Reply

Your email address will not be published.